Талдықорғанда жыл соңына дейін 7 жаңа әлеуметтік дүкен ашылады

Бүгінгі таңда Талдықорғанда 3 меншікті әлеуметтік павильон және үй маңындағы дүкендерде, агенттік келісім шарттар бойынша 8 дүкен жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, жыл соңына дейін облыс орталығында тағы 7 жаңа әлеуметтік сауда нүктесін іске қосу жоспарлануда.
«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша екі негізгі тетікті жүйелі түрде жүзеге асыруда. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және жергілікті тауар өндірушілерге жеңілдетілген несие беруге бағытталған. Бөлінген қаржыға барлығы 4,5 мың тонна өнім сатып алынды. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында сомасы 1,3 млрд теңгеден асатын 1919 тоннадан астам тауар жинақталған.
Бағаны тежеудің екінші маңызды құралы өндірушілерге жылдық 0,01% мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген несиелер. Осы бағдарлама аясында 8 кәсіпорынға 2 млрд теңге бөлініп үлгерді.



